RU
"Жұмыс та болған жоқ": Асхат Тарғын тұңғыш қызына алимент төледі ме (видео)

"Жұмыс та болған жоқ": Асхат Тарғын тұңғыш қызына алимент төледі ме (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгінде екінші рет шаңырақ көтерген Асхат Тарғын алимент төлеуге қатысты өз пікірін білдірді. Отандық әнші 1-курста оқитын тұңғыш қызымен ара-қатынасы қандай екенін де баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы эстрада жұлдызы "Ниет" бағдарламасында талқылады. Бүгінде қызына көмектесіп, оқуға түсірген оның алғашында қызына алимент төлеуге жағдайы жетпеген.

"Алиментті төлеу керек. Ол ортақ бала болғаннан кейін ішіп-жемі бар, киімі бар, тамағы бар. Бала дүниеге келген соң оның ешқандай жазығы жоқ.

Басында бір-екі жыл менде де төленген жоқ. Бірақ, ол кезде ол басқа қалада, мен басқа қалада тұрдым. Басында баланы көрмедік. Жұмыс та болған жоқ, табысымыз да онша болмады.

Бір-екі жылдан кейін төленіп бастады. Баланы алып тұрдым, ол жіберіп тұрды",- деді әнші.

Сонымен қатар, ол қазір тұңғыш қызы қолында екенін, Алматыда білім алып жатқанын айтты.

"Әке деген алименттен басқа, материалдық көмек көрсетіп тұру керек. Әкелік мейірімін білдіру керек. Алимент айлыққа байланысты. Ол жетуі де, жетпеуі де мүмкін.

Сондықтан, әке әр маусым сайын баласын киіндіріп, қысқы, жазғы киімдерін алып беріп тұру керек. Мен солай істедім. Оқу құралдарына көмектестім.

Қоғамда алимент деген бітпейтін тақырып. Қашып, төлемей жүргендер де көп. Табысы болса да, қашатындар, жұмысы жоқ болып, төлей алмай, амалсыз жүргендер де бар",- деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel