RU
Алматыда адам мәйітін көрмеген көлік жүргізушісі оны екінші рет басып кетті (фото)

Алматыда адам мәйітін көрмеген көлік жүргізушісі оны екінші рет басып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы-Жетіген тас жолында рұқсат етілмеген жерден өтпек болған адамды көлік қағып кетті. Полиция оқиға орнын тексеріп жатқанда екінші автокөлік жердегі денені байқамай, екінші рет басып кеткен деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қайғылы оқиға 5 қараша күні түнде Байсерке ауылының маңында орын алған.

Басылымның хабарлауынша, қайтыс болған азамат жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп, ойда-жоқта қозғалыстағы көліктің алдына шығып қалған.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Көлік жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгермепті.

Басылым ақпаратына сәйкес, дәрігерлер келгенде азамат өлі болған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алып жатқанда екінші көлік келіп қалған.

Оқиға орнын айналып өтпек болған ол полицейлерге көңіл бұрғанда байқамай мәйітті басып кеткен.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
6
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel