RU
Алматы облысының тұрғыны мектеп оқушысын зорлады деп күдіктелуде

Алматы облысының тұрғыны мектеп оқушысын зорлады деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

4 қарашада Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны құқық қорғау органдарына жас қызының зорланғаны туралы арыз жазды. Отбасының бұған дейін сотталған көршісі педофилияға күдікті деп танылып отыр едп жазады KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұл туралы хабарлама облыстық полиция департаментінің Facebook-тегі ресми парақшасында пайда болды.

Полицияның мәліметінше, қыз небәрі 13 жаста.

Әйелдің сөзінше, ол отбасы тұратын саяжай кооперативінің келесі көшесінде тұратын көршісі қызына қиянат жасаған.

Полиция күдіктіні ұстады. Олар бұрын ұрлық және адамды жарақаттағаны үшін сотты болған 34 жастағы ер адам болып шықты.

Тергеушілердің айтуынша, ер адам мас күйінде қызды алдап, үйіне әкетіп, сол жерде баланы қорлаған.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel