RU
Бойжеткенді өз орнына отырғызып қойған ұшқыш жұмысынан айырылды

Бойжеткенді өз орнына отырғызып қойған ұшқыш жұмысынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Ұшақ кабинасына бойжеткенді кіргізген қытайлық Air Guilin әуе компаниясының қызметкері жұмыстан шығарылды. Компания өз орнына бөтен қызды отырғызған ұшқышты жолаушылар өміріне қауіп төндірді деп айыптауда деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фОТО: Фото © Weibo

Фото © Weibo

Бойжеткен желіге жүктеген сурет лезде кең таралып, көпшілік арасында дау тудырды. Онда туризм университетінің студенті Гуйлиня Чэнь Юйиннің ұшқыштың орнына жайғасып отырғаны бейнеленген. Ал оның алдында шай тұрды.

Бойжеткен суреттің астына осындай мүмкіндік үшін ұшқышқа алғыс білдірді.

"Ұшқышқа алғысым шексіз! Керемет әсер алдым", - деп жазды ол

Weibo желісіне салынған бұл кадр әуе қоғамы мүшелерінің назарына ілікті. Олар кадрдың ұшу кезінде жасалғанын және экипаж командирі жолаушылардың өміріне қауіп төндіргенін атап өтіп, жағасын ұстады деп жазады South China Morning Post.

Іс насырға шапты: компания өкілдері қызметкердің негізгі қауіпсіздік ережелерін елемегенін және оған ұшқыш лауазымында жұмыс істеуге тыйым салынғанын мәлімдеген. Қалған экипаж мүшелері тергеу жүріп жатқанша жұмыстан босатылды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel