Тоқаев пен Путинге Омбыдағы кездесуде қандай тағам ұсынылады (фото)
Опубликовано:
6-7 қараша күндері Омбыда өтетін Ресей мен Қазақстан арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуіне дайындық қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі мәлімдеді.
Форумның өзі қаладағы Конгресс-холлда өтеді.
Тулар әзірленіп, дастархан жайылып, концертке дайындық тағы бір мәрте пысықталған.
Қабылдау залында мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайындық қызу жүргізілген. Қара және алтын түстес ыдыстар да қойылыпты.
Үстел қазақтың үстеліне ұқсас, бірақ жерден біршама жоғары.
Қонақтарға балық, асжапырақ қосылған буратта, ірімшік пен спаржа, бататтан әзірленген крем-сорпа, пісірілген күзгі алма түрінен жасалған сорбет, бекіре тұқымдас балықтан жасалған стейк пен орамжапырақ езбесі және қозы еті ұсынылады.
Тәтті тағам ретінде асқабақ чизкейгі даярланған.
Сусындардан: минералды су, үй морсы, шырын, шай, кофе, 2017 жылдың құрғақ ақ Шардоне Мантра шарабы және 2017 жылдың құрғақ қызыл Мерло Мантра шарабы ұсынылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1825833-tokaev-pen-putinge-ombydagy-kezdesude-kandaj-tagam-synylady-foto/