Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәншүк Мәметованың даулы ескерткіші енді Семейдегі балабақшадан табылды (фото)

Опубликовано:

Бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түскен Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні Семейдегі балабақшалардың бірінен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ескерткішке қатысты даулы оқиға әлі де жалғасын табуда. Семей тұрғындарының хабарлауынша, мүсін енді өңірдегі балабақшаның аумағында тұр.

Атап айтқанда, ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі semey_zhaloby парақшасында пайда болған. Жазба авторы ағаш ескерткіш "Ажар" балабақшасында тұрғанын хабарлаған.

Суретте ескерткіштің түрлі-түсті түске боялғаны көрініп тұр. Әкімдік мүсінді кәдеге жарататына сенген қала тұрғындары бүгінгі жағдайды түсіне алмай әлек.

"Бұл туындыны кәдеге жаратамыз деп еді. Ол "Ажар" балабақшасында қайдан пайда болды? Әлде бұл көшірмесі ме?",- деді автор қала билігіне.

Пікір білдірушілер де бұл мүсінге баға берді. Олар әлі де шеберлердің төмен сапалы жұмысына ренжулі. Ал ата-аналардың айтуынша, бүлдіршіндер осы "апай" үшін енді балабақшаға баруға қорқады.

Сонымен қатар, пікірлерде мүсін балабақша аумағында аз уақыт тұрғаны, оны кейіннен алып тастағаны да айтылған. Бірақ, ескерткіш қазір қайда екені белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін Жеңіс паркінде орналасқан Мәншүк Мәметованың мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды.

Артынша әкімдік аталған ескерткішті алып тастады. Ал мүсінді жасаған шеберлер халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825834-mnsk-mmetovany-dauly-eskertkisi-endi-semejdegi-balabaksadan-tabyldy-foto/

pixel