Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегің қаласа": Ерке Есмахан басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шыға ма

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда жүрген Ерке Есмахан жаңа жазбасымен жұртты ойландырып қойды. Әнші көпшіліктен басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуға қатысты пікір сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық эстрада жұлдызы Сеул қаласындағы базарлардың бірінде түскен суретін жариялады.

"Басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығамын" деп еркелесем, қалай қарайсыздар?",- деп жазды ол.

Мұны көрген желі қолданушылары әншіге түрлі пікірлер жазып қалдырған. Олардың ішінде отандық әнші Назима да бар.

"Несі бар екен, жүрегің қаласа, ұлтқа қарайсың ба" - деп пікір білдірді ол.
Ал басқа оқырмандар "Мұсылман адам Басқа ұлттың өкіліне тұрмысқа шықса, Өлген соң жаназасы шығарылмайды! Өлген соң денеңіздің далада қалуын тілемейтін шығарсыз?", "Қазаққа шыққаныңыз дұрыс болар еді.Бірақ бағыңыз болса, бақытты болыңыздар!", "Қуанамыз", "Қазақ жігітіне ғашық едіңіз ғой", "Қазақтың жігіті қалмады ма?", "Өз еркіңіз ғой", "Әзіл әзілімен" деген сынды пікірлер қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825849-zregi-kalasa-erke-esmahan-baska-ltty-zigitine-trmyska-syga-ma/

pixel