Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрлік жетекшілеріне тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Президент әкімшілінің келісуімен, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті басшысы қызметіне полиция полковнигі Әділов Санжар Әскенұлы тағайындалды.

Әділов 1977 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етеді. Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол.

Әр жылдары құқық қорғау органдарының (ішкі істер және қаржы полициясы) тергеу бөлімдерінде, ІІМ тергеу департаментінде қызмет атқарған.

2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары полиция департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған.

Тұрғымбаев министрліктің орталық аппараты басшыларына ел Президентінің қылмысқа қарсы тұру, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы ескертті.

"Бұл тергеу бөлімшелері қылмыстың тез және толық ашылуын және тергеуін, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын, сондай-ақ жазадан бұлтартпау принципін қамтамасыз етуі керек", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825852-iski-ister-ministrligini-tergeu-departamentine-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel