RU
40 ауыл қалған: Омбыдағы қазақтар тіл мен дәстүрді қалай сақтайды

40 ауыл қалған: Омбыдағы қазақтар тіл мен дәстүрді қалай сақтайды

Рассказать Вконтакте

Омбыда қазақ тілі тұрмыстық деңгейде сақталған. Ең қызығы - ХХ ғасырдың басында Омбыда 600 қазақ ауылы болса, қазір олардан бар-жоғы 40 ауыл қалған. Этникалық қазақтардың тілді, дәстүрді қалай сақтайтыны туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында "Омбы қазақтары" ұйымының басшысы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуаныш Елеутаев. Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

Қуаныш Елеутаев. Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

2010 жылғы ресми мәліметтерге сай, Омбыда 78-80 мың этникалық қазақ тұрады.

Бірінші орында - 180-190 мың қазағы бар Астрахань, екінші орында - 120 мың қазақ тұратын Орынбор қаласы екен.

"Біз, Омбыда жүз мыңға жуық этникалық қазақ бар деп шамалаймыз. Деректер он жылдай жаңарған жоқ. Келесі бүкілресейлік халық санағы 2020 жылға жоспарланған", - деді Қуаныш Елеутаев.

2019 жылы қазақтардың орташа жасы 32 болса, Омбы облысы тұрғындарының орта жасы - 38 болыпты. Сондай-ақ, этникалық қазақтардың отбасында балалар саны екеуден жоғары.

Омбыдағы қазақ ауылы. Фото: "Омбы қазақтары" ұйымы

Омбыдағы қазақ ауылы. Фото: "Омбы қазақтары" ұйымы

Қуаныш Елеутаевтың сөзінше, Ресейде жоғары шенді иеленген, елге танымал қазақтар көп.

"Омбыдағы аудандардың бірінің басшысы - қазақ, муниципалитет депутаттары, қаладағы бірнеше ғимаратты жобалаған Ресейдің құрметті сәулетшісі Сәкен Хұсайынов - қазақ. Қолма-қол ұрыстан Ресей, Еуропа чемпионы Аслан Әлімжанов көптеген қолма-қол ұрысшы - қазақтарды тәрбиелеген. Өте көп.

"Омбы қазақтары" ұйымының басшысының айтуынша, олар некеге, жерлеуге қатысты салт-дәстүрлерді жақсы сақтаған. Ал тілдің мәселесі ақсап тұрған көрінеді.

"Бізде салт-дәстүрлер жақсы сақталған. Біз некеге, жерлеуге қатысты дәстүрлерді сақтаймыз, қазақтар - мұсылмандар. Бірақ тілді сақтауда қиындықтар бар. Мәселе қазақ тілінің ауылдарда сақталғанында. Қазіргі таңда Омбы облысында 40-қа жуық қазақ ауылы қалды, ХХ ғасырдың басында 600-ге жуық болған еді. Бірақ біз бұл мәселені шешеміз", - деді Елеутаев.

Қоғамдық ұйым қазақ тілін сақтау мәселесін шешу үшін өткен жылы Ана тілі курсын ашыпты.

Бастапқы кезде курсқа небәрі он адам жазылса, бүгінде алты курс құрылып, 70 адам оқып жатыр. Сондай-ақ, бастамашылар жетінші курсты ашуды жоспарлап отыр.

"Біз бұны қазақ тілін сүюшілер клубы деп атаймыз. Адамдар тегін дайындалмайды, айына 1 200 рубль (7 200 теңге). Алайда пайданы біз алмаймыз, ақша жалға алуға және мұағлімдердің жалақысына кетеді", - деді Қуаныш Елеутаев.

Сіздің реакцияңыз
12
0
0
0
5
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel