Выйти
RU

Оңал Бекиев көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметіне келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент әкімшілігінің келісімімен көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Оңал Ботайұлы Бекиев тағайындалды деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңа басшыны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

1975 жылы туған Бекиев ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Ішкі істер органдарында орта және аға басшы құрамның әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Алматы облысы полиция департаменті және көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңал Бекиев көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметіне келді