Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза бренд": Гүлзира Айдарбекова қандай киім киетінін жасырмай айтты (видео)

Опубликовано:

Үнемі ел назарында жүретін Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова үстіндегі киімдерін қайдан алатынын жасырмай айтып берді. Гүлзира ханымның таңдауы - танымал шетелдік брендтер деп хабарлайды Youtube желісіндегі "ShowNewkz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әр басқан қадамы халық назарында болатын Гүлзира Айдарбекова басқа өнер өкілдері секілді трендтен алыс емес.

Продюсердің сөзінше, шетелге жиі шығатын болғандықтан қымбат "таза брендпен" киінеді екен.

"Таза брендтер аламыз. Өйткені, жолға көп шығамыз ғой, шетелде көп жүреміз. Америка болсын, Түркия болсын, Дубай болсын. Кейде жай ғана қарапайым дүкендерден, кейде тіктіріп аламыз. Өзіміздің ойымызбен, қалай үйлесім табады, солай киінеміз", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825871-taza-brend-glzira-ajdarbekova-kandaj-kiim-kietinin-zasyrmaj-ajtty-video/

pixel