Выйти
RU

Ақтауда жолдың қақ ортасына отырып алған қыз бен жігіт елді шошытты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда сауда орталығы маңындағы жолдан өтіп бара жатқан қыз бен жігіт көлік жүретін бөлікке отырып алды. Әлеуметтік желіде лезде таралған видео туралы "Тумба" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бейнежазба кадрларынан жастардың жол ортасында отырғанын аңғаруға болады.

Ал жүргізушілер олардан жолды босатуды сұрауда.

Желі қолданушылары пранкке наразылық білдіріп жатыр. Олар видеоға полиция назар аударып, "батырларды" әкімшілік жазаға тартуды сұрады.

Көпшілік бұл "ойынды" ақымақтыққа теңеп, оның қауіпті екенін айтып жатыр. Ақтаулықтар көлік жүргізушілері қалжыңбастарды байқамай, қағып кетуі мүмкін еді дейді. Одан кейін кінәлі көлік жүргізушілері болады.

Басылым хабарлауынша, полиция аталған видеоны тексеріп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда жолдың қақ ортасына отырып алған қыз бен жігіт елді шошытты (фото)