RU
Тәжікстанда шекара заставасына 20 жауынгер шабуылдады: Он бесі қаза тапты

Тәжікстанда шекара заставасына 20 жауынгер шабуылдады: Он бесі қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда шекара заставасына шабуыл жасалды. РИА Новости хабарлауынша, шабуылдаушы 20 адамның бәрі қаруланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, шекара әскері басқармасының баспасөз қызметі шабуылдың №4 "Ишкобод" заставасына жасалғанын хабарлаған.

Алдын-ала болжам бойынша, олар беттерін бетпердемен бүркемелеген жауынгерлер.

Шабуылдау кезінде белгісіз топ 5 автоматты тартып алған.

Күштік құрылымдар қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде 15 жауынгердің көзі жойылып, қалған бесеуі ұсталған.

Одан бөлек, операция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де зардап шеккен. Милиция қызметкері мен шекара қызметіндегі әскери қызметкері қайтыс болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel