RU
"Кеудесі салбырап шыға ма": Зейнеп Ахметова жалаңаштанған жұлдыздарға шүйлікті (видео)

"Кеудесі салбырап шыға ма": Зейнеп Ахметова жалаңаштанған жұлдыздарға шүйлікті (видео)

Рассказать Вконтакте

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова эстарада саласында жүріп жалаңаштанған қыздарға шүйлікті. Зиялы қауым өкілі тәнін көрсетуге құмар аруларға бірнеше рет ескерту жасаған деп хабарлайды Youtube желісіндегі "ShowNewkz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зейнеп Ахметова. Видеодан кадр

Зейнеп Ахметова. Видеодан кадр

Бүгінде қазақстандық әнші қыздар арасында денесін көрсету сәнге айналған.

Барша қазақтың келіні атанған Зейнеп Ахметова оларға бірнеше рет ескерту жасапты. Алайда, жазушының сөзін елеген ешкім жоқ екен.

"Сахна мәдениеті баяғыда жоғалды. Шынын айту керек. Мына біз көрген әнші апаларымыз, әнші ағаларымыз, халықтың маңдайына біткен мықты әртістер, біздер солармен тәрбиелендік.
Олардың сахна мәдениеті деген керемет болатын. Олар көрерменді тәрбиелейтін. Ал қазір сол біздің әртістердің, әншілердің қалай болса солай, бей-берекет жүруі көрермен емес, тобыр дайындады", - деді Ахметова.

Әнші қыздардың кейбірі танымалдылығын арттыру үшін сахнада шешінуді жөн көрсе, енді бірі хайптың неше түрін жасап жүр.

Зейнеп Ахметованың айтуынша, оларға қазір бәрібір болып кеткен.

"Олар өздерін халықтан жоғары көреді. Қалай шықса да, саны жарқырап шыға ма, кеудесі салбырап шыға ма, оларға бәрібір болып кетті. Сахна мәдениетін құртқан осы қазіргілердің көбісі", - деді жазушы.

Осылайша, кейінгі буынға назын білдірген Ахметова мұның шешімі қандай екенін айтты.

"Мына халықтың алдындағы жауапкершілігін, сенімін ақтау үшін бұлар өздері өзгеруі керек алдымен. Шындап келгенде, өнерпаз қауымды аспанға шығаратын да халық, жерге түсіріп таптайтын да халық.
Олай болса халықпен санаса білу керек. Қазір саналы көрерменнен гөрі, ыржақай, тобырды дайындап алдық. Бұның бәрі әлгі атақты жұлдызы бар, атақсыз жұлдызы бар, солардың кінәсі", - деді Зейеп Ахметова.
Сіздің реакцияңыз
18
0
0
1
1
41
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel