RU
ШҚО-да зорланған жасөспірім туралы ақпарат тарап кеткені үшін полицей жазалана ма

ШҚО-да зорланған жасөспірім туралы ақпарат тарап кеткені үшін полицей жазалана ма

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Шығыс Қазақстан облысындағы зорланған жасөспірім қыздың жеке мәліметтері жайылып кету дерегіне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ол егер кінәсі дәлелденсе, полиция қызметкері жазаланатынын айтты. Вице-министрдің сөзінше, қазір қызметтік тергеу жүргізілуде, бұл оқиғаның себептерін анықтауға көмектеседі, содан кейін шешім қабылданады.

Айта кетсек, бұған дейін Шемонаиха ауданының тұрғыны полицияға өзімен бірге тұратын ер адамның жасөспірім қызын зорлағанын айтып шағым түсірген. Қылмыс жасау барысында ол мас күйде болған. Полиция күдіктіні іздеуге кірісіп, әлеуметтік желіге хабар жібереді.

Алайда хабарламада күдіктінің ғана емес, зорланған қыздың да деректері, соның ішінде мекен-жайы, мектеп нөмірі, сынып нөміріне дейін көрсетілген.

Кейінірек ер адамды асылып тұрған жерінен тауып алған. Ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel