RU
"Қарапайым болуы керек": Атамқұлов мемқызметкердің сырт-келбеті туралы айтты

"Қарапайым болуы керек": Атамқұлов мемқызметкердің сырт-келбеті туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов жұмысқа қандай костюм кигенді құп көретінін, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің сырт-келбетіне баға берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Атамқұлов. Фото: primeminister.kz

Бейбіт Атамқұлов. Фото: primeminister.kz

"Мен шенеунік қарапайым болуы керек деп есептеймін. Біздің мақсатымыз бөлек. Біз қоғам игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз", - деді ведомство басшысы.

Атамқұлов әр мемлекеттік қызметкер өзінің сырт-келбетіне мән беріп, жинақы болуы керек деп санайды.

Оның ойынша, шенеуніктер көзге түсетін киімдер мен костюмдер кимеуі керек. Атамқұловтың пікірінше, ережені ер адамдар да, әйелдер де сақтауы тиіс, өйткені бұл әдептің бір бөлігіне жатады.

Бұдан бөлек министр Қазақстанда сапалы киімдердің көптеп өндірілетінін айтты. Әсіресе, ол елдің оңтүстігінде өндірілетін костюмдерге таң қалған. Сондай-ақ, оны отандық өнімнің бағасы да таңырқатыпты.

Атамқұлов 4 жыл әкім болып жүрген кезінде Қазақстанда дайындалған алғашқы костюмді сатып алған. Оның сөзінше, сол кезде бағасы 25 мың теңге болыпты.

  • Қазіргі уақытта ИИДМ басшысының гардеробында отандық өндірушілердің 5 костюмі бар. Олар әртүрлі өндірушілердің қолынан шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекетті қызметкерлерге қысқа шұлық пен лас аяқ киім киюге тыйым салынған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel