RU
«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: қазақстандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал DIY бьюти-блогер Айсұлу Нұртаева мен талантты әнші әрі блогер Индира Еділбаева қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен сән апталығында болып, актриса әрі бизнесвумен Ким Кардашьянның жеке стилисімен танысты.

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

Қазақстандық аруларды Америкаға фотограф, блогер, дизайнер, стилист сынды түрлі саладағы өршіл әйелдерді қолдайтын TRESemmé брендінің өкілдері шақырды.

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

TRESemmé өзінің шаш күтіміне арналған өнімдерімен 10 жылға жуық іс-шараның демеушісі ғана емес, сондай-ақ сән үлгілерінде жарқын, есте қаларлық және стильді бейнелерді ұсынатын стайлинг-серіктес болып табылады. Осы жылдар ішінде компания жалпы алғанда жүзден астам сән көрсетілімін дайындады, олардың 28-і халықаралық болып табылады.

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

Индира мен Айсұлу атақты дизайнерлердің маусымдағы заманауи, жаңа топтамаларын көріп қана қоймай, сән индустриясындағы трендтерді біліп, әлемдік деңгейдегі дизайнерлер мен стилистермен танысты.

Арулар Кардашьян отбасының барлық мүшелері, сондай-ақ актриса Хлоя Кардашьян, сәнқой Кайли Дженнер, америкалық сәнқой Эшли Грэм және актриса, АҚШ аруы - 2012 және Әлем аруы - 2012 Оливия Калпо сынды жұлдыздар өз шаштарын сеніп тапсыратын TRESemmé брендінің бас стилисі Жюстин Марьянмен танысты.

Жюстин қазақстандық блогерлерді тәнті еткені сонша, тіпті, Индира Еділбаева өзінің Insta-блогында Жюстин Марьянның «табысқа жету жолы қиын, бірақ ең бастысы - өз жолын анық көру» деген сөздерін жазып, қалдырды.

«Батыл әрі өзіне сенімді әйелдердің арасында жүріп, өз күшіңе деген сенімің артады» , - деп жазды Индира.

Оны Айсұлу Нұртаева да қолдады. Ол өз блогында өршіл әйелдердің табысқа жету тарихының қалай алға жетелейтінін жазды.

«Ең бастысы, тырысып, өз-өзіңе сенімді болу», - деп атап өтті ару.

Айсұлу оқырмандарымен Нью-Йорк Сән апталығындағы TRESemmé салонында жасалған шаш үлгісінің суретімен бөлісті.

Insta-блогердің сөзінше, оның шабыттанғаны сонша, енді Айсұлу өзін сенімді әрі сәнді сезініп, шаш үлгісімен түрлі тәжірибелер жасап жүруді қалайды.

Бұл үшін арулар шаш өсуіне арналған пептидтері бар, оның сау келбетін сақтауға, сынғыштығын азайтуға және шаштаразға жүгіне беруді қысқартуға көмектесетін TRESemmé Full Length жаңа сериясын сынап көрді.

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

Жаңа өнімді қолданып көру үшін Нью-Йоркке бару немесе жұлдыз болу міндетті емес. Қазақстандық арулар осы серия өнімдерін елдің ірі супермаркеттерінен таба алады.

Жылдың ең сәнді оқиғасының атмосферасын сезінгісі келетін барлық арулар Алматыдағы TRESemmé салонына барып, 28 қазан мен 17 қараша аралығында трендті шаш үлгісін жасай алады: жұмыс күндері: 14.00-20.00; демалыс күндері: 12.00-21.00.

«Ең бастысы, өзіңе сенімді болу»: Отандық блогерлер Нью-Йорктегі сән апталығына барып қайтты

TRESemmé салонының мекенжайы: Алматы қаласы, Самал – 2, 111. Достық Плаза СОО, 1 қабат (Бьютимания дүкенінің жанында).

*PR құқығында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel