RU

Димаштың Нью-Йоркте өтетін кешіне билеттер бір жарым айдың ішінде сатылып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Даңқы тасыған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің осы жылдың 10-желтоқсанында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтетін жеке концертіне билеттер бір жарым айдың ішінде толық сатылып кетті деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

13 қыркүйекте 7000 билет сатылымға шығарылған. Небәрі бір жарым айдың ішінде түгелдей сатылып кетіпті. Билеттің 75% америкалықтардың өздері еншілепті.

Димаштың өнеріне тәнтілердің белсенділігі жоғары болғандықтан TIcketmaster.com сайтында фан-аймақтар мен ең шеткі қатарлардан тағы да 2000 билет сатылымға шығарылды.

Фото: TIcketmaster.com

Фото: TIcketmaster.com

Айта кетсек, Димаштың бұған дейін Лондондағы "Indigo at the O2" залында берген жеке кешіне әлемнің 45 елінен 4500 адам келген еді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған кезекті концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдени күндері қарсаңында ең тамаша оқиға болмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаштың Нью-Йоркте өтетін кешіне билеттер бір жарым айдың ішінде сатылып кетті
Mailfire view pixel