RU
Ресей Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігін қайтарады

Ресей Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігін қайтарады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілді. Сәйкес хаттаманы мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында ратификациялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: advantour.com

Фото: advantour.com

Өзгерістер Ресей тарапына жалға берілген жер телімдерін қайтаруды қарастыратын қосымшаға енгізілді.

Аталған аумақ Ақай мен Төретам елді мекендеріне жақын маңда орналасқан. Оның көлемі 11,6 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қайтарылған жердің қандай мақсатта пайдаланылатынын атап өтті.

Айтуынша, ол жерде руспубликалық маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіледі.

Осылайша, аталған аумақта "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі, Алматы – Мәскеу темір жолы, сондай-ақ "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры салынады.

Ендігі кезекте құжатты парламент сенаты қарап шығады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel