Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісімен шыңды бағындырған ару жардан құлап кетті

Опубликовано:

29 жастағы Ханна Лоу кәсіби альпинист болған. Ол тіпті, өзінің жігіті Адамды тауға өрмелеуге үйреткен. Алайда дәл осы қызығушылығы қос ғашықты бір-бірінен мәңгіге айырды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Ханна мен Адам пәтер жалдап, бір жылдан аса уақыт бірге тұрды. Жуырда олар қарым-қатынастарының жаңа деңгейге жетуі керек екенін ойлап, пәтер сатып алып, жігіттің 30 жасқа толған туған күнін атап өтпек болған.

Ханна әпкесі, анасы мен жігітімен бірге Ұлыбританиядағы Пик-Дистрикт шыңына барып, пикникке шығуды жоспарлаған.

Керекті шыңға жеткенде қос ғашық болашаққа деген жоспарларымен бөлісу үшін өзгелерден оңашаланған. Көп ұзамай отбасына қайтқалы жатқан ару кенеттен шалынып, сүйіктісінің көзінше 18 метрлік биіктіктен құлап түскен. Адам ғашығын құтқармақ болды, алайда тым кеш әрекет етті.

"Біз өте бақытты едік. Себебі ертең менің туған күнім болуы керек еді. Оның үстіне алғашқы үйімізді сатып алғалы отырдық. Бірнеше минуттан кейін қайтқалы отырғанбыз. Ханна бұрылып, тепе-теңдікті жоғалтты. Мен оны ұстап қалуға тырыстым, бірақ, үлгермедім", - деді Адам.

Жігіт пен қыздың ата-анасы өздігімен қызға бара алмаған. Ал оқиға орнына құтқарушылар жеткенде қыздың қайтыс болғанын анықтаған. Ханна ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Полицейлер тергеу жүргізіп, британиялық арудың қайғылы оқиға нәтижесінде мерт болғанын растады.

"Жан дүниемдегі дерттің қаншалықты ауыр екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Кездескенше...", - деді Адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825918-sjiktisimen-sydy-bagyndarygan-aru-zardan-klap-ketti/

pixel