Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанның шекара бекетіне "Ислам мемлекетінің" содырлары шабуыл жасаған

Опубликовано:

Тәжік-өзбек шекарасында орналасқан шекара бекетіне шабуыл жасағандар "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) террористік тобының содырлары болып шықты. Олар Ауғанстан аумағынан кірген деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ТАСС/ Нозим Каландаров
Фото: ТАСС/ Нозим Каландаров: Facebook
"Олар арнайы тапсырмамен Ауғанстан аумағынан шекараны кесіп өткен. Барлығы "Ислам мемлекеті" террористік тобының мүшелері", – деп мәлімдеді Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы.

Ведомствоның мәліметінше, содырлар 3 қарашада Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Кундуз провинциясы Калаи-Зол уезі аумағынан Тәжікстанның Кубодиен ауданына кірген.

Жауап алу кезінде лаңкестер "Ишкобод" шекара бекетінің олар үшін шабуыл жасауға қолайлы жер болғанын мойындады.

Еске сала кетейік, 20 адамнан тұратын топ Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасағаны хабарланды.

Күштік құрылым қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде 15 содырдың көзі жойылып, қалған бесеуі ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1825934-tzikstanny-sekara-beketine-islam-memleketini-sodyrlary-sabuyl-zasagan/

pixel