Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанның шекара бекетіне жасалған шабуыл: Оқиға орнынан кадрлар тарады

Опубликовано:

Тәжікстан ІІМ өзінің ресми сайтында содырлардың шекара бекетіне шабуыл жасаған жерінен суреттер жариялады. Күштік құрылымның жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде қаруланған 15 лаңкестің көзі жойылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ
Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ: Depositphotos

Жарияланған кадрдарда шабуылдың – жолда көзі жойылған содырлардың денелерін, қару-жарақтарды, өртенген автокөліктерді көруге болады. Болжам бойынша, шабуылдаушылар шекара бекетіне осы автокөліктермен келген.

Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ
Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ: Depositphotos

Сондай-ақ оқиға орны аумағында қирандылар жатқаны байқалады. Кадрларды түсіру кезінде күштік құрылым қызметкерлері қажетті іс-шараларды атқарып жатқан.

Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ
Оқиға орны. Фото: Тәжікстан ІІМ: UGC

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 адамнан тұратын топтың Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Кейіннен шабуыл жасағандардың "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) террористік тобының содырлары екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825942-tzikstan-sekara-beketine-zasalgan-sabuyl-okiga-ornynan-kadrlar-pajda-boldy/

pixel