RU
"Манчестер Юнайтедтің" басты жұлдызы Нұр-Сұлтанға келмеуі мүмкін

"Манчестер Юнайтедтің" басты жұлдызы Нұр-Сұлтанға келмеуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Франция құрамасы мен "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба жарақатына байланысты желтоқсан айына дейін команда сапынан көрінбеуі ықтимал. Бұл туралы ағылшын клубының бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Футболшы қазан айының басында тобығынан жарақат алған. Соңғы рет ол 30 қыркүйекте "Арсеналға" қарсы матчта алаңға шыққан болатын. Ол кезде "Манчестер Юнайтед" қарсыласымен 1:1 есебімен тең түсті.

Осы маусымда 26 жастағы француз барлық турнирлерде алты матчқа қатысып, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

"Желтоқсан айына дейін Погбаны көреміз деп ойламаймын. Оған толық қалпына келу үшін уақыт керек. Оның "Шеффилд Юнайтедке" қарсы матчқа дейін алаңға оралуы екітайлай. Ол тек желтоқсан айында қатарға қосылуы мүмкін. Мен дәрігер емеспін, бірақ Погбаның емдеуді қажет ететін жарақаты бар", – деді "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері.

Айта кетейік, "Шеффилд" – "МЮ" арасындағы матч 24 қарашада өтеді.

Ал содан кейін төрт күннен кейін Сульшердің командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңі шеңберінде Қазақстанға келіп, "Астанаға" қарсы ойын өткізуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel