RU

Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауысты

Елімізде 2020 жылға белгіленген демалыстың кейбір күндері ауыстырылды. Бұл туралы үкімет қаулысынан белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Осылайша, уақытты тиімді пайдалану үшін, келесі жылға арналған демалыс күндерінің ауысу кестесі бекітілді.

Ауыстырылған күндер:

  • 2020 жылғы 5 қаңтар жексенбіден – 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;
  • 2020 жылғы 11 мамыр дүйсенбіден – 2020 жылғы 8 мамыр жұмаға;
  • 2020 жылғы 20 желтоқсан жексенбіден – 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылды.

Үкімет қаулысы ресми түрде жарияланғаннан 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл қазақстандықтардың желтоқсан айында қанша күн демалатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1825979-kazakstanda-2020-zylgy-demalys-knderi-auysty.html