RU
Қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамның миынан 15 жыл бойы өмір сүрген құрт шықты

Қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамның миынан 15 жыл бойы өмір сүрген құрт шықты

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуанчжоу қаласында дәрігерлер науқастың миынан 12 сантиметрлік таспақұртты алып шықты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ван Лэй есімді Қытай азаматы алғаш рет 2007 жылы жайсыздықты сезінген. Оның денесінің сол жақ бөлігі сезімталдығын жоғалтып, басы жиі ауыра бастаған.

Содан кейін дертіне шағымданып, бірнеше маманға жүгінген. Сол кезде ақ халаттылар оған миында қатерлі ісік бар деген диагноз қойды. Олардың жазып берген дәрі-дәрмектерін қабылдағанымен, науқастың жағдайы нашарлай берген, жиі есінен танып, есте сақтау қабілеті төмендеген.

Ақыры, 2018 жылы дәрігерлер оның миында таспақұрт барын анықтаған. Бұндай паразиттер әдетте мысықтар мен иттердің асқазанында пайда болады.

Дәрігерлер Гуанчжоу қаласының ауруханасында Ванға ота жасап, миындағы құртты алып тастаған.

"Операция өте қауіпті өтті. Ер адамның миында жүрген құртты толығымен алып тастау керек болды. Себебі, оның бір бөлігі қалып қалса, ол қайтадан өсіп шығуы мүмкін еді", – дейді дәрігерлер.
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel