Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін тастап кеткен ғашығын көру үшін түрмеге жасырын кірген жігіттің әрекеті қызметкерлерді таңырқатты

Опубликовано:

Германияның Фехта қаласынан шыққан жас жігіт өзін тастап кеткен сүйіктісін көру үшін жасөспірімдерге арналған түрмеге жасырынып кірген. Алайда түрме қызметкерлері колонияда бөтен адамның жүрегенін байқап қойған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Өзін бағаламай, тастап кеткен қызын көру үшін түрмеге жасырын кірген 18 жастағы романтик жігіт түрме қызметкерлерін әуре-сарсаңға салды.

Ол көше шамына көтеріліп, оның көмегімен сыртқы қабырғаға мініп, содан кейін сүйікті қызы отырған камераның қоршалған терезесіне жету үшін ғимараттың бойымен 4 метрге жоғары жүрген.

Оны байқап қалған қызметкерлер бозбаланы жерге түсірмек болған.

Алайда жас жігіт ешкімнің сөзін құлақ аспаған. Сол себепті оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жауапсыз махаббаттың құрбанын күшпен жерге түсірген.

Оған мүлік шекарасын бұзғаны үшін айып тағылуы мүмкін.

Дегенмен барлығы оның түрмеге неге жақындарымен кездесу күні емес мұндай қиын жолмен келгенін түсінбей дал болуда.

Өкінішке қарай, жас Ромеоның ерлігі бойжеткенді таңғалдырды ма, әлде жоқ па, белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825989-zin-tastap-ketken-gasygyn-kru-sin-trmege-zasyryn-kirgen-zigitti-reketi-kyzmetkerlerdi-tayrkatty/

pixel