RU
Түнімен компьтерлік ойын ойнаған жасөспірім тіл тартпай кетті

Түнімен компьтерлік ойын ойнаған жасөспірім тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Компьютерлік ойындарды үздіксіз ойнаудың адам денсаулығына зиянын мамандар қашаннан бері айтып келеді. Осының бір айқын дәлелі ретінде Таиландта болған оқиғаны келтіруге болады. Удонтхкани қаласында түні бойы компьтерлік ойын ойнаған жасөспірім көз жұмған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Демалыста жүрген 17 жастағы Пляват Харикин бос уақытының барлығын компьтерлік ойындарға арнаған. Күні-түні монитордың алдында отырып, онлайн-ойындар ойнауды әдетке айналдырыпты.

Ата-анасы тамақты оның бөлмесіне әкеліп беріп отырған. Қанша ұрысқанымен, жеткіншек олардың сөзіне құлақ аспаған көрінеді.

4 қараша күні оның бөлмесіне кірген әкесі Джаранвит баласының жерде ес-түссіз жатқанын көреді.

Басында оятуға тырысқан, алайда, кейіннен жеткіншектің жан тапсырғанын түсінген.

Дәрігерлер оның түнімен компьютер ойнауына байланысты инсульт алды деген тұжырымға келген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel