RU
"2 пайыздық несиелер ұсынылады": Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай

"2 пайыздық несиелер ұсынылады": Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа нұсқасына қатысты мәліметтерді жариялады. Онда баспананы "баспалдақ жүйемен ұсыну" тетігі болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, жаңа бағдарламада баспананы барлығына бірдей қолжетімді етудің "баспалдағы" болады.

Осы жүйе бойынша пәтерге зәру әрбір отбасыға табысына қарай үйлі болудың жолдары ұсынылады. Мәселен, "баспалдақтың" ең төменгі сатысында әкімдік кезегіне кіретін әлеуметтік осал топтар тұр.

"Біріншіден, табысы жоқ немесе табыс көлемі 1 күнкөріс деңгейінен, яғни 29 700 теңгеден төмен әкімдік кезегіне кіретін әлеуметтік әлжуаз топтарға сатып алу құқығынсыз арендалық баспана беріледі. Олардың ішінде жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер және тағы басқалар бар", – деді Жайымбетов.

Ал әкімдік кезегінде тұрған адамның табысы отбасының бір мүшесіне 2 күнкөріс деңгейіне, яғни 59 400 теңгеге дейін болса, оған "Бақытты отбасы" бағдарламасының 2 пайыздық несиелері ұсынылады.

Осы топқа көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған жанұялар кіреді.

"Үшіншіден, кезекте тұрған отбасының бір мүшесі 3,1 күнкөріс деңгейінен, яғни 92 000 теңгеден жоғары табыс тапса, ондай адам әкімдіктердің "5-20-25" бағдарламасына, сондай-ақ, "7-20-25", "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" және тағы басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады.
Осының бәрі 2025 жылға дейінгі жаңа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдармасында көрсетіледі", – деп атап өтті Жайымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
10
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel