RU

Қырғызстанда террористік ұйымдардың бірінің басшысы ұсталды

"Хизбут-Тахрир" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының лидерлерінің бірі Қырғызстанда қолға түсті деп хабарлайдыа көршілес елдің ҰМҚК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Күштік құрылымның хабарлауынша, "Хизбут-Тахрир" (Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымының әмірі Бішкекте қолға түскен. Ол көршілес елдердің бірінің азаматы, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Тергеу барысында ер адамның Қырғызстанда заңға қайшы әрекеттер жасағаны анықталған. Ол тыйым салынған ұйымның жұмысын атқарған.

Құқық қорғау органдарынан жасырынбақ болған ол жалған құжатты пайдаланыпты.

Қазір қамауға алынған адамға қатысты зерттеу жүргізіліп жатыр.

Қырғызстан органдары оны екі бап - басқа қылмысын жасыру үшін жалған құжатты пайдалану және мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту бойынша айыптауда.

Күдікті Бішкектегі арнайы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1826004-kyrgyzstanda-terroristik-jymdardy-birini-bassysy-staldy.html