RU
Қазақстаннан Ресейге жарты тонна қара уылдырық заңсыз жеткізілмек болған

Қазақстаннан Ресейге жарты тонна қара уылдырық заңсыз жеткізілмек болған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы МКД, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстаннан Ресейге жүріп бара жатқан автокөлікті ұстаған. Тексеріс барысында құжатта көрсетілген өнімдердің орнына қара уылдырық табылған деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақтөбе облысы МКД

Фото: Ақтөбе облысы МКД

Жүк көлігінің жүргізушісі мейіз, жаңғақ және күрігке құжат көрсеткен, алайда көліктен деликатесі бар 43 қорап табылған.

Жүргізуші ұсынған құжатқа сай, тауарды Шымкенттен Мәскеуге жеке адамға апара жатқан.

Қара уылдырықтың жалпы салмағы 516 келі шыққан. Ал ол 156 млн теңгеге бағаланған.

Тасымалдау құжаттарында қара уылдырық деген тауар мүлдем болмаған.

Іс материалдары полиция органдарына берілмек. Тәртіп бұзушыға 3 мың АЕК (шамамен 7,6 млн теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel