RU
Жұмбақ өлім: Солтүстіктегі ер адамдардың өліміне қатысты ресми ақпарат тарады

Жұмбақ өлім: Солтүстіктегі ер адамдардың өліміне қатысты ресми ақпарат тарады

Рассказать Вконтакте

Солтүстік қазақстан облысының Тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің мамандары Бұлақ ауылындағы ер адамдардың жұмбақ жағдайда өліп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Zakon.kz порталына слтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Ауыл тұрғындары журналистерге соңғы уақытта онкологиялық дертпен ауыратындармен қатар, ер адамдардың қайтыс болуы жиілегенін айтқан. Олар мұны жергілікті алтын өндурі компаниясы және радиациямен байланыстырған еді.

Сарапшылар ауылдық округте шынымен де обыр ауруымен ауыратындар саны артқан-артпағанына жауап берді.

Олардың дерегінше, тұрғындар арасында қатерлі дертпен аурыатындар бүтін ауданнан 54% аз. Бұл көрсеткіш облыспен салыстырғанда 61,9% төмен.

Сонымен бірге, мамандар қатерлі ісікпен ауырушылар саны өспегенін, жергілікті онколог-дәрігердің диспансерлі тіркеуде тұрғандар саны да артпағанын атап өтті.

Қатерлі ісіктен қаза болғандардың орта жасы - 71. Минималды жас -50, ал максималды жас - 97.

Ведомство жалпы өлімнің өсімі байқалып отырғанын, алайда онкологияға қатысты көрсеткіштің өзгермегенін айтты.

Суға сынама жүргізілген. Соңғы екі жылда күдікті ешнәрсе анықталмаған.

Радиациялық көрсеткіш те белгіленген межеден аспаған.

Мамандар қазіргі уақытта алтын өндіретін кәсіпорында 107 адам еңбектеніп жатқанын хабарлады. Олардың ешқайсынан қауіпті дерт анықталмаған.

Еске сала кетейік, СҚО ер адамдардың жұмбақ жағдайда қайтыс болып жатқаны хабарланған еді. Қайғылы оқиғаның себебі, тұрғындардың ойынша алтын өндіретін кәсіпорын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel