RU
Шымкентте қос ұлынан айырылған ата-ана жанайқайын жеткізді

Шымкентте қос ұлынан айырылған ата-ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте қос ұлынан айырылған ата-ана, балалардың өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп отыр. Айтуларынша, алғашқы шақыртуға келген жедел-жәрдем мен науқастарды қабылдаған аурухана балаларға дер кезінде көмек көрсете алмапты деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Екі баласынан айрылып, қара жамылған Тасболатовтар отбасы болған жайтқа есін жия алмай отыр.

Артық пен Арайлымның Аңсар ұлдары қарашаның 15-іне 4 жасқа толатын еді. Ал кенжелері Мирас - небәрі он айлық.

Аналарының айтуынша, жедел-жәрдем қызметкері балалар дұрыс қарамаған.

"Түнгі сағат 3:40 кеткенде жедел-жәрдемді шақырдым, мен шақырғанымда үш баламның ауырып жатқанын айттым. Фельдшердің алдында мен өзім де құстым. Мен 10 айлық балам да қалай құсты, қара запыран құсты, оны да көрді, көрмеді емес. Сол сондай отказ жазып бергенімізге риза болды да шығып кетті. Болды", - дейді балалардың анасы Арайлым Ботаева.

Балалардың жағдайы ушыққан соң отбасы жедел-жәрдемді екінші рет шақыртқан. Бірақ олар науқастарды аурухана алып кетпеді дейді.

"Екі жасар болсын, олар алып кетуге міндетті. Бірінші келген жедел-жәрдем біздің бас тартамыз, үйтеміз, бүйтеміз дегенге қарамай олардың да басы екеу емес қой, -"жоқ, біздің бұл міндетіміз, алып кетуіміз керек", - деп алып кетуі керек еді", - дейді Артық Тасболатов.

"Тұшпараны" бұл отбасы жұма күні кешкі асқа пайдаланған. Жартылай дайын өнімді, сенбі күні жылытып ішкен. Отағасы газ ашық қалды деу қисынсыз. Ешқандай бөгде иіс болмады дейді. Бірақ тұшпарадан улануымыз мүмкін деп күдіктеніп отыр.

"Тұшпара соңғы асымыз болды. Бірақ оны балдызым жемеген еді. Ол дін аман, еш жері ауырмады. Содан болуы мүмкін шығар деп ойладық (ред. тұшпара)", - дейді балалардың әкесі Артық Тасболов.

Медициналық сараптамалар әлі дайын емес. Ал балалардың анасы дәрігерлер жағдайды сұраумен-ақ уақытты өткізіп алғанын алға тартуда.

"Мен жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлерге ренжіп отырмын Өйткені олар жағдайды сұраумен-ақ уақытты өткізді. Барлық нәрсе уақытқа келіп тірелді сол кезде. Екіншісі бағанағы кәріс. Мен оған бір рет емес, үш рет айттым. Менің балам қиналып жатыр, мына жердің ауасы ұнамай жатыр деп қанша рет айттым", - дейді балалардың анасы Арайлым Ботаева.

Телеарнаның мәліметінше, балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген, бірақ дереу көмек көрсетілмепті. 10 айлық сәби токсикология бөлімінде анасының қолында жан тапсырған.

Айта кетейік, санитар мамандар бұл отбасының тоңазытқышынан басқа да азық-түліктерді сараптамаға жіберген. Әзірге ешбірінің қорытындысы шыққан жоқ.

"Егер медициналық қызметкерлер тарапынан жіберілген ақаулықтар болатын болса, оның барлығына әкімшілік шара көріліп, тиісті шара қолдану үшін қаланың денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі", - дейді Әбдіманап Төлебаев Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте Тасболатовтар отбасы белгісіз заттан уланып, екі бірдей бүлдіршін қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel