Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық зейнеткерлер автокөлікті қалай ұтып ала алады

Опубликовано:

Жұлдызды зейнеткерлер- ақтаулық Нақмет Серікбаев пен алматылық Шолпан Ахметованың айтуынша, жеңіс олар үшін күтпеген жағдай болған.

Қазақстандық зейнеткерлер автокөлікті қалай ұтып ала алады

74 жастағы Нақмет Серікбаев жапониялық автокөліктің кілтін алып, тізгінін ұстау үшін Алматыға арнайы ұшып келді. Өздері ештеңеден бейхабар болған зейнеткерлер Еуразиялық банктің "Армандарыңыз орындалсын" акциясының қатысушысы атанған екен.

2019 жылдың 24 маусымы мен 30 қыркүйегі аралығында кепілсіз несиені қолма-қол ақшамен ресімдеген барлық зейнеткерлер автоматты түрде ұтыс ойынына түскен. Ал лотореядағы басты ұтыс екі Toyota Corolla автокөлігі болыпы.

Бір қызығы, ғұмыр бойы банк секторында еңбек еткен, "Промстройбанкте" түрлі қызметті, атап айтқанда, күрделі салымдарды қаржыландыру және несиелеу бөлімінде басшылық қызметті атқарған Нақмет Серікбаев Еуразиялық банктен несие алып, автокөлік ұтып аламын деп ойламаған екен.

"Несие рәсімдемес бұрын акция туралы естідім. Алайда, арнайы ол үшін келген жоқпын. Тек басқа банктер зейнеткерлерге несие бермейді. Маған хабарласып, жеңіс туралы айтқанда сенбедім. Үнемі мұндай лотореяда жеңіске жету екіталай деп ойлайтынмын",- деді Нақмет Серікбаев.

Бүгінде жұбайымен отасқанына 52 жыл болған зейнеткердің 7 баласы мен 17 немересі бар. Ол ақшалай несиені жарының еміне алған екен. Қазір әйелінің жағдайы да оңалып келе жатыр. Жеңімпаз автокөлікті өздігінше айдай алмаған соң оны Таразда тұратын кіші ұлына сыйға тартыпты.

Қазақстандық зейнеткерлер автокөлікті қалай ұтып ала алады

Ал екінші жеңімпаз- Шолпан Ахметова. 20 жылға жуық филармонияда "Лұқпановтар отбасы" ансамблінің вокалисі болған ол зейнетке шыққан соң киноға түсе бастаған. Зейнеткерді "Патруль-3", "Менің тағдырым", "Мектеп", "Вернись к началу" және тағы басқа сериалдарда эпизодты рөлдерден көруге болады. Сахнаға көп жыл жұмыс істеген Шолпан осылайша шығармашылықпен айналысуды жалғастыруды дұрыс деп тауыпты.

Шолпан Ахметованың екі баласы бар және олар несиені жанұялық қажеттілік үшін алған. Барлық банктің ұсыныстарын салыстырған ол ең тиімді ұсыныстар Еуразиялық банкте деген пікірге келіпті. Енді автокөлік Шолпанның жанұясына қызмет ететін болады, оны зейнеткердің күйеуі жүргізеді.

"Акция жайлы білмедім. Тек банк филиалында отырғанда жарнаманы көзім шалды. Мыңдаған адам қатысады ғой, жеңбейтін шығармын деп ойладым. Ал маған хабарласқанда, әзілдеп жатыр екен дедім. Тағы екі күн сенбей жүрдім. Әрине, өмірде жолым болған кездер бар, бірақ мұндай ірі ұтысты бірінші рет алып отырмын",- дейді Шолпан Ахметова.

Автокөліктерден бөлек, Қарағанды, Ақтөбе және Ұзынағаштағы зейнеткер-клиенттер 700 мың теңгеге жолдама, 500 мың теңгеге жөндеу жұмыстарына сертификат және 400 мың теңгеге тұрмыстық техника ұтып алды.

Еуразиялық банк жеңімпаздарды Random.org кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдағанын хабарлады. Банк өз клиенттері-зейнеткерлері үшін осындай акциялар өткізуді жалғастыруға ниетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826049-kazakstandyk-zejnetkerler-avtoklikti-kalaj-typ-ala-alady/

pixel