RU
Ердоған "Ислам мемлекеті" көшбасшысының әйелі ұсталғанын мәлімдеді

Ердоған "Ислам мемлекеті" көшбасшысының әйелі ұсталғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Түркия “Ислам мамлекеті” (ИМ) экстремистік тобының қаза болған көшбасшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің әйелдерінің бірін ұстады. Бұл туралы түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы университетте сөз сөйлеп жатып, мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

"Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу шығарған жоқпыз. Одан бөлек Сирияда оның әпкесі мен жездесі ұсталды", - деді Ердоған.

Басылымының мәліметінше, Әбу Бакр әл-Бағдадидің қанша әйелі бары белгісіз.

"Ассошиэйтед Пресс" агенттігі төрт, "Рейтер" агенттігі Ирактағы дерекөздеріне сүйеніп, үш зайыбы бар екенін жазған.

Абу Бакр әл-Бағдадиді ұстау операциясы кезінде онымен бірге екі әйелі өзін-өзі жарып, мерт болғаны хабарланған.

5 қарашада түрік әскерилері әл-Бағдадидің әпкесін ұстаған. Расмия Авад Сирияның солтүстік-батысында жасырынып жүрген. Онымен қоса күйеуі, келіні және бес баласы қолға түскен.

26 қазанда "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымның жетекшісі әл-Бағдади америкалық арнайы қызметтің операциясы кезінде өлтірілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel