Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беті ашылмаған келінге не істеуге болмайды

Опубликовано:

Беташар – қазақ халқының ең әдемі дәстүрі. Жаңа түскен келіннің босағаны оң аяғымен аттап, отқа май тамызып, оның бетін ағайындар мен көрші-қолаң алдында ашу үлкен ғанибет. Алайда бүл күндері беташар салтын үйлену тойына қосып жасайтындар көбейген деп жазады Ernur.kz.

Көрнекі фото: otyrar.kz
Көрнекі фото: otyrar.kz: Facebook

Бүгінде артық шығынданғысы келмейтіндер үлкен той мен келіннің беташар тойын бірге қосып жасайтын жаңа дәстүр ойлап шығарды.

Үлкендердің айтуынша, бұл ата дәстүрімізге кереғар дүние. Басқа тойлар секілді беташар тойдың да өз қағидаттары бар. Мысалы:

  • Біріншіден, беташарға күйеуіңіздің, өзіңіздің туысқандарыңызды, көршілеріңізді, ұлыңыздың жолдастарын шақырылады
  • Екіншіден, беташар кезінде жаңа түскен келіннің қолтығынан сүйеуге өз әулетіңізден етегі балаға толған үлгілі, өнегелі екі келінді таңдалады
  • Үшіншіден, беташары болмаған келінге сіздің үйіңізден дәм татуға болмайды
  • Төртіншіден, беті ашылмаған келін сізге келін болмайды. Оның некесін қиып, ұлыңызға қоса алмайсыз. Үйіңіздің үлкендеріне сәлем салдыра алмайсыз.

Қазақ ешқашан тектен текке той жасамаған. Беташарға келген қонақтар енді ғана шаңырақ көтеріп отырған жастарға шамасы келгенше сыйлығын әкеледі.

Беташардан соң жас келін үй ішімен, ас үймен, отбасы мүшелерімен танысып, бір дастарханға жайғасады.

Міне, сол кезде келіннің қолынан шай ішіп, қуанышқа жиналғандар мәре-сәре болып жатады. Келгендер ата-анаға да, жастарға да жақсы тілектер айтып, бата береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826074-beti-asylmagan-kelinge-ne-isteuge-bolmajdy/

pixel