RU
Ел билігі 2020 жылы 500 млн теңгеге концерт өткізбек

Ел билігі 2020 жылы 500 млн теңгеге концерт өткізбек

Рассказать Вконтакте

Қазақстан билігі 2020 жылдың тамызында ел Конституциясының 25 жылдығын тойлау аясында 500 млн теңгеге концерт өткізбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспарды бекітті.

Құжатқа сәйкес, билік Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік концерт пен 2020 жылғы тамызда еліміздің Ата заңының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысушылар үшін президент қабылдауында өтетін концертті ұйымдастыруға 504,8 млн теңге жұмсауға ниетті.

Бұл мерекеге қаражат республикалық бюджеттен бөлінбек. Іс-шараның жауапты атқарушылары Мәдениет және спорт министрлігі, конституциялық кеңес (келісім бойынша), облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері.

Қазақстан халықтар ассамблеясының 25 жылдығына орай 2020 жылдың сәуір айында өтетін концертке республикалық бюджеттен 225,3 млн теңге қарастырылған. Іс-шараның жауапты атқарушысы Мәдениет және спорт министрлігі.

Айта кетсек, Конституция күні 1995 жылы жалпыұлттық референдумда қабылданғаннан бері 30 тамызда тойланып келеді.

Сіздің реакцияңыз
10
1
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel