RU

Көзіне тату салдыртқан ару көрмей қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австралиялық Жаңа оңтүсікетік Уэльс штатының тұрғыны Эмбер Люк көзіне тату жасатып, жанарынан үш аптаға айырылды деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен көз алмасына көк түс беру үшін тату жасатуға бел буған.

Люктың пікірінше, шара кезінде шебер мұқияттылық танытпай, бояуды көзіне терең салған. Сол себепті көзіне зақым тигізген екен.

Эмбер маман сияны енгізгеннен кейін көзінде сынып қалған шыны тұрғандай сезілгенін атап өтті.

Бойжеткен татуды бірінші рет салдыртып тұрған жоқ. Оның денесінде 200-ге жуық сурет бар.

Сондай-ақ австралиялық ару кеудесін үлкейтіп, ерін, бет, құлақ пішінін өзгертіпті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көзіне тату салдыртқан ару көрмей қалды
Mailfire view pixel