RU
Алматыда актриса Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда актриса Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Рассказать Вконтакте

Алматыда белгілі актриса Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды деп деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Раиса Мұхамедиярова. Фото: kino-teatr.ru

Раиса Мұхамедиярова. Фото: kino-teatr.ru

Қаралы жиын Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театрында өтті.

Актрисаны ақырғы сапарға шығарып салуға театр және кино әртістері, зиялы қауым өкілдері, қала халқы, өнерсүйер қауым келген.

Жиналғандарға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген қоғам қайраткері Мәди Артығалиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

"Белгілі мәдениет қайраткері, театр және кино әртісі Раиса Мұхамедиярованың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Раиса Мәжітқызы ұзақ жылдар бойы театрда өнер көрсетіп, кейіпкерлерді асқан шеберлікпен сахнаға шығара біліп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ көркем фильмдерге түсіп, көптеген басты рөлдерді сомдады. Оның есімі мен жарқын бейнесі өнер сүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген президенттің жеделхаттында.

Сонымен қатар, парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов көңіл айту жедел хатын жолдады.

Қаралы жиында, өнер адамдары марқұмның өнері мен өмірі туралы айтып, еске алды.

"Театр және кино әлемі тағы бір шоқтығы биік жұлдызынан айрылды. Бүгін Раиса Мұхамедярованы ақтық сапарға шығарып салып тұрмыз. Раиса қазақтың киносы мен театрында "сұлулықтың симоволы" болатын. Сахнадағы ерекше образдарымен есте қалды. Кино саласында да өзіндік орны бар актриса еді.
Кинодағы әрбір бейнесі көрерменің есінде мәңгі сақталады. Біз сияқты жастар сол кісілердің ойнаған киносын көріп есейдік, еліктедік, бала кейіпімізбен ғашық болдық. Бүгін міне мәңгі мекеніне шығарып салып жатырмыз", - деді қаралы жиында Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театрының директоры Азамат Сатыбалды.

Раиса Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың қазақ киносының алтын қорынан орын алған "Менің атым - Қожа" фильмінде ұстаз Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. 30-ға жуық фильмге түскен.

Еске сала кетсек, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған. Актриса 80 жасында дүниеден озды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel