Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kundelik туралы бар шындық: Кіру үшін ақы төлеу керек пе және қосымшадағы жарнама не үшін қажет

Опубликовано:

Kundelik-ті құрастырушылар электрондық күнделік туралы, оның қандай артықшылықтары бар екенін айтып берді. "Күнделік" ЖШС электрондық күнделікті қолданушылардың жеке мәліметтері қорғалғанын, ал жарнама жас мөлшеріне сәйкес болатынын атап өтті деп хабарлайды сервистің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Мемлекеттің демеуінсіз, жеке қаражатқа құрылған электрондық күнделік оқушылардың үлгерімін бағалауда екі стандарт бойынша жұмыс істейді - бұрын қабылданған классикалық бағалау жүйесі және Қазақстанда қабылданған критериалды-жиынтық бағалау.

Компания жеке мәліметтер тарап кетеді деп қорқудың қажеті жоқ екеніне сенімді. Барлық дербес деректер "ҰАТ"АҚ Бірыңғай мемлекеттік операторының қорғалған периметрі бойынша мемлекеттік серверлерде орналасады және өңделеді.

Деректердің расымен де құпия сақталғандығына ҰҚК техникалық қызметінің ЖШС-ға берген арнайы сертификаты кепіл болады.

Қолданушылардың көбісі сервистің ақылы екенін айтады. Алайда мобильді қосымшаның тек бір ғана нұсқасы ақылы екенін ескерген жөн. PRO-нұсқа ақылы - айына 300 теңге, бұл нұсқаны пайдалану міндетті емес

Осы ретте басқа да тегін нұсқаларды, мысалы, Lite-нұсқа мен сервистің веб-нұсқасын пайдалануға болады.

Мысалы, қол жетімді компьютерлер мен ноутбуктер, сондай-ақ мобильді браузерлер арқылы қол жетімді веб-сайтта бұл қызметті білім беру процесінің барлық қатысушылары ақысыз пайдалана алады - олар мұғалімдер, ата-аналар, оқушылардың өздері, сонымен қатар білім беру жүйесінің қызметкерлері.

Lite нұсқасындағы мобильді қосымшада қажетті ақпаратты ақысыз алуға болады - бұл сабақ кестесі, үй тапсырмасы, бағалар және мектептің хабарландыруы. Мұғалімдерге арналған бөлек мобильді қосымша да ақысыз.

"Күнделік" ЖШС мұндай бизнес-модельді бүкіл әлем қолданатынын, соның ішінде Google, Skype, Amazon, Яндекс, Mail.ru, Alibaba және тағы басқалар бар екенін атап өтті.

Қосымша коммерциялық сервистерден бөлек, жобаны қаржыландыру үшін жас шектеулеріне сәйкес келетін жарнама қолданылады.

Жарнамалар арасында алкоголь, темекі өнімдері, құмар ойындар мен соған ұқсас балаға көрсетуге тыйым салынған контент жоқ.

Бұның орнына мектептер мен университеттердің, кітаптар мен білім беру курстарының жарнамалары салынады. Компания сервисте пайда болған діни көзқарастағы жарнамалардың жалған екенін, ал оны растайтын суреттер фотосервисте жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ, компания жобаның мемлекет пен жеке серіктестік базасында жұмыс істейтінін хабарлаған. Kundelik сервисін бағдарламалық қамту құқығы қазақстандық ЖШС-ға тиесілі.

Сервис ресейлік "Дневник.ру" базасында құрылып, оны қазақстандық құрастырушылар стандарттар мен жағдайларға бейімдеген. Одан бөлек министрлік лицензия және бағдарламалық қамтамасыз ету кодтары өтеусіз берген.

Сонымен бірге, компания сервисті құрастыру, шығару және қызмет көрсету мемлекет үшін де тегін болғанын атап өтті. Бұған мембюджеттен 35 миллиард теңге жұмсалған E-learning жүйесіне қарағанда, "Күнделік" жобасына салық төлеушілер ақшасынан бір тиын да жұмсалмаған.

"Күнделік" ЖШС МЖӘ-нің артықшылықтары атады - ол сервисті 6000 мемлекеттік мектептерде мемлекеттік бюджетсіз енгізуге мүмкіндік берген. Ал бұл өз кезегінде электрондық құжат айналымы немесе мектептердегі қағаз журналдарды қолдану арқылы салық төлеушілердің ақшасын үнемдеуге көмектеседі.

Үнемделген қаржы ұстаздардың жалақысын көтеру мен мектептерді интернет және техникамен қамтуға жұмсалады.

Ақшаны ғана емес, уақытты та үнемдеуге болады. Мысалы, жаңа бағалау жүйесі ТЖБ мен БЖБ қорытындысын шығару үшін күніне бірнеше уақыт алуы мүмкін еді. Қазір есептеу автоматтандырылған.

Электронды сервистің арқасында білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің айқындылығын қамтамасыз ету және қала мен ауылдарды цифрландыру мәселелерін шешуге болады.

Қазіргі уақытта Күнделік жүйесінде 325 мың мұғалім, 2,2 млн оқушы, 1,6 млн ата-ана белсенді жұмыс істейді.

"Күнделік" ЖШС толық хабарламасын мына сайттан оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826102-kundelik-turaly-bar-syndyk-kiru-sin-aky-tleu-kerek-pe-zne-kosymsadagy-zarnama-ne-sin-kazet/

pixel