RU
Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды

Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды. Бұл туралы психиатр Жібек Жолдасова өз Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Кеше менің балам мен оның жолдастары ауыр күйзелісті бастан өткірді. Олардың көз алдында құрдастары көз жұмды. Барлығы жаттығу кезінде болған. Ұлымның сөзінше, ол күні аса көп жаттығу болмаған. Олар аз уақыт жаттығып, кейіннен жай ойнап жатқан. Сол уақытта жеткіншек жүрегін ұстап құлап, көз жұмыпты. Жедел жәрдемнің екі бригадасы келгенімен, баланың өмірін сақтап қала алмаған екен.
Балалар 13-15 жаста және олардың денсаулығы жайлы анықтаманы бірінші күннен талап етеді. Барлық баланың анықтамасы бар, біз, тіпті, ұлымыздың жүрегін УДЗ-дан өткіздік", - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, кешке жаттықтырушының өтінішімен барлығы полицияға түсінік беруге шақыртылған.

"Ұлым қатты таң қалып отыр. Жанында ойнап, секіріп жүрген балаға не болуы мүмкін деп сұрады. Бұлдіршіндеріңіздің денсаулығына қараңыздар. Жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Жібек Жолдасова.

Қазақпарат мәліметінше, Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы жеткіншек жедел жәрдем жеткенше қайтыс болғанын хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel