RU
Балалар уланып, көз жұмды: Дәрігерлер Шымкенттегі оқиғаның мән-жайымен бөлісті

Балалар уланып, көз жұмды: Дәрігерлер Шымкенттегі оқиғаның мән-жайымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғындары 3 қарашада болған қайғылы оқиғадан әліге дейін естерін жинай алмай жүр. Бес адамнан тұратын отбасы тамақтан уланды, өкінішке орай, екі баланы құтқару мүмкін болмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Зардап шеккен балалардың бірі қазір қалалық гипербариялық оттектендіру орталығы дәрігерлерінің бақылауында. NUR.KZ тілшісі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап білді.

"Анасы нәрестемен және қызымен "көміртегі тотығынан улану" диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Анасына алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін, қолхат жаздырылып, үйіне қайтарылды.
11 жасар қыздың жағдайы ауруханаға жеткізілген кезде орташа ауыр деп бағаланды. Біз оны токсикологиялық бөлімге жатқыздық, қазір ем қабылдап жатыр.
Бүгінгі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейге жақын. Алдағы күндері оны учаскелік қызметтің бақылауымен үйіне жіберуді жоспарлап отырмыз", – дейді Орынбаев атындағы гипербариялық оттектендіру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Қазіргі уақытта екі баланың нақты не себептен қаза болғаны анықталуда, жақында олардың өлімі бойынша медициналық қорытынды шығарылады.

Еске сала кетейік, 3 қараша күні Шымкентте бүтін бір отбасы мүшелері тамақтан уланып, екі бірдей бүлдіршін қайтыс болды.

Қара жамылған ата-ана балаларының өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп отыр. Айтуларынша, алғашқы шақыртуға келген жедел-жәрдем мен науқастарды қабылдаған аурухана балаларға дер кезінде көмек көрсете алмаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel