RU
Әр көліктен 50 мың: Нұр-Сұлтанда лауазымды қызметкерлер пара алды деп күдіктелуде

Әр көліктен 50 мың: Нұр-Сұлтанда лауазымды қызметкерлер пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет брифингте қылмыстық істерді тергеу барысын айтып берді. Нұр-Сұлтанның лауазымды тұлғалары, транспорттық бақылау инспекциясының қызметкерлері жүйелі түрде пара алған деп күдіктелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

2017 жылдан бастап Қазақстанда транспорттық бақылау қызметкерлеріне қатысты 99 қылмыстық іс қозғалған. Олардың көбісі қызметін асыра пайдалану және пара алу деректері бойынша қозғалған.

Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Нұр-Сұлтандағы жүйелі пара алу дерегін зерттеп жатыр. Күдіктілер - транспорттық бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары.

Бұл туралы АӨК департамнтінің бірінші тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады. Жорамал бойынша, қызметкерлер әр ірі габаритті көліктердің емін-еркін жүруі үшін 50 мың теңге пара алған. Сома айына бір рет төленіп отырған.

Сондай-ақ олар осы ақша есебінен қорғаушы болуға уәде берген.

Қазақстанның көлік саласында пара көбінесе арнайы рұқсатсыз мөлшері немесе салмағы артық көлік құралдарына рұқсат беру үшін алынатыны хабарланды ал мұндай деректер үшін 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Қазақстанның ИИДМ ірі автомобильдерге арналған автоматты өлшеу стансаларын енгізе бастамақ. Ол транспорттық бақылау қызметкерлерінің пара алу процесіне қатысуға мүмкіндік бермейді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel