RU
Өскемендік 29 жастағы жігіт өз-өзін бауыздап өлтірмек болды

Өскемендік 29 жастағы жігіт өз-өзін бауыздап өлтірмек болды

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаймын деп мойнын қатты жаралаған. Оны жедел жәрдем бригадасы құтқарып, полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны тергеуге кірісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Кеше, 6 қарашада Өскеменнің "жедел жәрдем" бригадасы шақырту бойынша 29 жастағы тұрғынның үйіне барды. Медиктер оның мойнында пышақ жарақатын байқаған.

Олар жігітке алғашқы көмек көрсетіп, оқиғаның қорқынышты мән-жайын анықтады. Бұл жарақаттарды оның өз қолымен жасағаны белгілі болды.

Дәрігерлер бірден оқиғаны полицияға хабарлаған. Құқық қорғаушылар жігіттің өз-өзіне қол салмақ болғанын анықтады.

"Біздің қызметкерлер одан жауап алып, жігіттің өз-өзіне қол салмақ болғанын анықтады. Не себепті ондай қадамға барғанын түсіндірмеген.
Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды: "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу" (ҚР ҚК-нің 24 бабы 3-бөлігі) және "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" (ҚР ҚК-нің 105 бабы 1-бөлігі), – деп мәлімдеді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel