RU

Алматыдағы жеткіншек өлімі: Жаттықтырушы жұмыстан шеттетілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жаттығу барысында қайтыс болған жасөспірімнің жаттықтырушысы жұмыстан шеттетілді деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы жағдай Қазақ спорт және туризм академиясында болған. Оқу ордасының проректоры Мұхтар Есқалиев жаттықтырушының балалармен 10 жылдан бері жұмыс істеп жүргенін айтты. Ол оқушыларды баскетболдан жаттықтырған.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы NUR.KZ редакциясына жедел-жәрдемге қоңырау түскен кезде шақыру жеделділіктің бірінші категориясы ретінде тіркелгенін хабарлады. Дәрігерлер оқиға орнына тез арада барған.

Мамандар академияға 8 минуттың ішінде жеткен, алайда бозбала олар келгенше қайтыс болып кетіпті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім жігіттің қайтыс болғаны хабарланған еді. Достарымен бірге баскетбол ойнап жүрген бала, кенеттен жүрегі ұстап, дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы жеткіншек өлімі: Жаттықтырушы жұмыстан шеттетілді
Mailfire view pixel