RU
Сирияда әкесі мен бауырынан айырылған қазақстандық ару 5 жылға сотталды

Сирияда әкесі мен бауырынан айырылған қазақстандық ару 5 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Сириядан елге қайтарылған қазақстандықтар "қауіпті аймақта" бастан кешкен оқиғаларымен бөлісуде. Біреулер елге қайтарылғаннан кейін сотталып, ал енді біреулері оңалту шараларынан өтіп жатыр. Қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан Аида Амангелді Сирияға әкесінің кесірінен барғанын айтып берді деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар "Астана" телеарнасының видеосынан алынды

Кадрлар "Астана" телеарнасының видеосынан алынды

Оның айтуынша, әкесі Сирияға бүкіл отбасын алып кеткен. Ол кезде Аида 20 жаста болыпты. Олар бірінші Түркияға барып, сол жерден Сирияға аттанған.

Қыздың айтуынша, ол жақта паранжа кимеген үшін немесе киімнен денелерінің бір бөлігі көрініп тұрса, оларды жазаға тартқан. Қашуға әрекет жасағандар қамалып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.

Қазір Аида 24 жаста. Сириядан елге қайтарылған соң оны 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Жас қыз "қауіпті аймақта" кез-келген сәтте ажал құшуға болатынын еске алады. Бірінші ол қаланы бомбылау кезінде әкесінен айырылған. Оның денесі үй қирандыларының астынан табылыпты.

Кейіннен Аиданың ағасы оқ жарақатынан қаза тапқан.

Арнайы операция кезінде Сириядан шамамен 600 қазақстандық елге қайтарылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, олардың біразы қателіктерін мойындамай, радикалды көзқарастарынан бас тартуға құлық танытпайтын көрінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұр-Сұлтандағы сот отырысы кезінде Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқандарын баяндады. Олардың бірі автомат асынып қарауыл күзетінде тұрса, енді бірі байланыс қызметінде болған екен.

Сондай-ақ діни сауаттылығының төмен болуынан бес баласымен бірге Сириядан бір-ақ шыққан Арыс тұрғыны ондағы азапты күндерін әңгімеледі.

Ал ДАИШ террорлық ұйымына қатысы бар деп күдіктелген 31 жастағы Дәурен Сәбитұлы әйгілі Гуантанамо түрмесіне түсуді армандаған екен.

Автор: Я. Гладкова

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel