RU
Ұшаққа танысын отырғызған ұшқышқа қатысты іс қозғалды (видео)

Ұшаққа танысын отырғызған ұшқышқа қатысты іс қозғалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"ИрАэро" әуе компаниясының Ан-24 ұшағының ұшқышы жолаушылар рейсі кезінде штурвалға танысын отырғызған. Ресейдің тергеу комитеті осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Белгілі болғандай, 31 тамызда экипаж мүшелерінің бірі әйелді ұшқыштар кабинасына алып кірген. Ол кезде ұшақ әуеде болған және оның бортында жолаушылар отырған.

РФ қылмыстық кодексінің 238 бабы 1-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету) қылмыстық іс қозғалды.

"ИрАэро" әуе компаниясы қазіргу уақытта әлеуметтік желілерде жарияланған 33 жастағы әйелдің ұшақ штурвалында отырған фото мен видеоларын жан-жақты тексеруде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
6
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel