Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицияда қызмет еткен: Нұр-Сұлтанда 29 жастағы жігіт жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Ардагер Қажыкенов есімді жігіт 4 қараша, дүйсенбі күні үйінен шығып кетіп, әліге дейін оралған жоқ. Қарындасының айтуынша, Ардагердің таныстары оның қайда екенін білмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ардагер Қажыкенов. Фотоны қарындасы ұсынды
Ардагер Қажыкенов. Фотоны қарындасы ұсынды: UGC

Қарындасы Салтанат ағасының әкесімен бірге Ақмешіт көшесінің бойында пәтер жалдап тұратынын айтады. Жігіт әкесін ауруханадан уйге әкеліп тастап, сыртқа шығып кеткен. Қайда кеткенін айтпаған.

Туыстары полицияға арыз жазып, тәртіп сақшылары оның телефон қоңырауларын тексеріп шықты. Соңғы рет Ардагердің телефоны шамамен 16:00-де қосулы болған.

Салтанат ағасының ішкі істер органдарында 10 жыл бойы қызмет еткенін, бірақ, жуырда күтпеген жерден жұмыстан шығуға бел байлағанын айтады.

Ардагер Қажыкенов. Фотоны қарындасы ұсынды
Ардагер Қажыкенов. Фотоны қарындасы ұсынды: UGC

Қарындасы оның неліктен бұндай шешімге келгенін білмейді. Айтуынша, ағасы ешкіммен жанжалдаспаған.

"Оның сөйлескен барлық адамына хабарластық. Ешкім ештеңе білмейді", – дейді ол.

Ардагердің үстінде қара-көк түсті куртка, басында көк бас киім және бұтында джинсы болған.

Салтанат ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса, мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 701 207 03 00.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі іздестіру іс-шаралары жүріп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826180-policiada-kyzmet-etken-nr-sltanda-29-zastagy-zigit-zogalyp-ketti-foto/

pixel