RU
Аруларға кеңес: Қас пен кірпікті қалай тез өсіруге болады

Аруларға кеңес: Қас пен кірпікті қалай тез өсіруге болады

Рассказать Вконтакте

Қас бет-жүздің сұлулығында ерекше рөл ойнайды. Себебі, селдір, шашырай өскен қас беттің сұлулығын айшықтай қоймайды. Нәзік жандылардың сұлулыққа құмар келетінін ескерсек, осындай қастың иесі үнемі оны бояп, жан-жағындағы артық қастарын ретке келтіріп, бояу жағып жататыны да жасырын емес. Ал қас пен кірпікті қалай тез өсіруге болатынын білесіз бе? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қасқа үнемі ыждағатты күтім көрсететін болсаңыз, бір тегіс, қалың және өңіңізге айрықша сұлулық сыйлайтын түске енуі мүмкін. Күтім үшін айтарлықтай көп уақыт та, көп қаражат та шығындамайсыз. Тек қана күн сайын 15 минут уақытыңызды қас күтіміне арнасаңыз сізден асқан сұлу болмайды. Қас күтімі үшін дұрыс таңдалған құралдар оның шырайын келтіреді. Қастың түптері бекем, жылтыр болады.

Қасты күн сайын ерінбей тарап отыруды әдет етіңіз. Әуелі қасты өсу тәртібіне қарама-қарсы бағытқа қарай тараңыз. Одан соң келесі бағытқа. Тарау арқылы қастағы артық түктер мен шаңнан арыласыз. Сонымен қатар, қастағы қан айналымы да жақсарады. Осыдан келіп, қасыңыздың өсуі де ретке келеді. Тарап болғаннан кейін арнайы бальзам жағып қойыңыз. Егер бальзам болмаса, оның орнын кастор майы, ошаған майы немесе зәйтүн майының бірімен алмастыруға болады.

Ал қасты қалыңдату үшін 10 мл зәйтүн және 15 мл кастор майын алыңыз. Екеуін жақсылап араластырып, дайын болған қоспаға қастың көлеміндей етіп кесіп алынған дәкені малып алыңыз. Бұл тампонды мұқият қастың үстіне қойыңыз. Қалғанын кейін де пайдалану үшін қараңғы, құрғақ жерде сақтаңыз. Ұзақ уақыт бойы құрамы өзгермейді, қорықпай таусылғанша қолдана беруіңізге болады. Пайдаланар алдында ыдысты шайқап алғаныңыз жөн.

Ал қасты жылдам өсіру үшін сізге тек қана бадам майы қажет. Бадам майын қасыңыздың үстіне жағып, 10 минут күтіңіз. 10 минуттан соң жуып тастау қажет емес, тек қана таза дәкемен немесе қағаз майлықпен сүртіп алсаңыз жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel