RU
Түркіменстанда гей екенін айтқан соң жоғалып кеткен дәрігер табылды

Түркіменстанда гей екенін айтқан соң жоғалып кеткен дәрігер табылды

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда өзінің гей екенін мойындап, артынша із-түссіз жоғалып кеткен дәрігер-кардиолог табылды. Ол осы уақыт аралығында үйде болған деп хабарлайды "Орталық Азия жаңалықтар қызметіне" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Мәлімдеме жасаған соң полицияға шақыртылған Қасымберді Гараев сол бойы хабарсыз кеткен. Енді 24 қазаннан 6 қарашаға дейін байланысқа шықпаған ол осы уақыт аралығында үйде жүргенін, БАҚ-тың өзі жайлы жазған мәліметтері жалған екенін айтып отыр.

Ал гей екенін мойындағаны үшін ата-анасының алдында кешірім сұрап, жоғалып кетуі мүмкін екенін айтқан дәрігер бейнежазбаны қателікпен жібердім дейді.

Гараев қызмет ететін клиника болса, кардиологтың қазір жұмыс істемейтінін хабарлаған.

Айта кететін жайт, Түркіменстанда гомосексуализм қылмыстық заңмен қудаланады. Ер адам үшін 2 жылға дейін түрмеге қамау қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel