RU
Із-түссіз жоғалған турист акуланың асқазанынан табылды

Із-түссіз жоғалған турист акуланың асқазанынан табылды

Рассказать Вконтакте

Францияның Реюньон аралында акула шотландиялық туристі өлтірді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

2 қараша, сенбі күні Шотландиядан жұбайымен бірге демалуға келген 44 жастағы турист Үнді мұхитына шомылуға кетіп, сол күйі із-түссіз жоғалып кеткен. Ал бірден дабыл қаққан әйелі іздестіру-құтқару операциясын ұйымдастырған.

Алайда, тікұшақтың, кемелердің және дайверлердің көмегімен жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже бермепті.

Бірнеше күннен кейін туристік жағажайларға жақын маңда демалушыларға қауіп тудырған акула байқалған. Жыртқыш балықты ұстап, сойған кезде оның асқазанынан саусағында неке жүзігі бар адамның қолы табылыпты.

Қазір адамның дене қалдықтары ДНК тестілеуге жіберілді. Алайда, жоғалған шотландиялықтың жұбайы акула асқазанында табылған неке жүзігі оның күйеуіне тиесілі екенін растап отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel